Өте сұранысқа ие мамандық. Даяшының міндетіне клиенттерге қызмет көрсету, үстелдерді дайындау және жабдықтау, сондай-ақ оларды жинау кіреді. Осы саланың маманы аспазға немесе кондитерге қарағанда адамдармен жиі араласады.
Даяшының орташа жалақысы 100 мың теңге аралығында, алайда шайпұлды есептегенде ол көтеріледі. Сондықтан қорытынды жалақы тікелей даяшының кәсібилігіне байланысты болады.
Осы біліктілік бойынша ойдағыдай білім алу және одан әрі жемісті жұмыс істеу үшін студенттің есте сақтау қабілеті мен дене төзімділігі жоғары болуы керек. Шет тілдерін білу де құпталады.
Жоғары білікті маман болу үшін минималды тәжірибе – 1 жыл.
Сондай-ақ даяшының бойында коммуникабельділік, мұқияттылық, ұқыптылық және сонымен бірге анық дикциясы болуы керек.
Жас маман клиенттермен тіл табыса алу және өзі жұмыс істейтін орынның ас үйінің барлық ерекшеліктерін білмеу сияқты қиындықтарға тап болуы мүмкін. Сондай-ақ осы мамандық бойынша жас ерекшелігіне шектеу бар екендігін есте ұстаған жөн.
Елдегі сервис деңгейі өсіп келе жатыр, көптеген салаларда жаңа автоматтандырылған жүйелер пайда болуда. Сондықтан есеп бағдарламаларымен жұмыс жасау және тапсырыстарды қаржылай есеп айырысу дағдылары даяшы міндеттерінің бірі болуы мүмкін.