Қосымша білім беру педагогы (бағыттары бойынша)

4S01130201
25437 қаралым

Сипаттама

Қосымша білім беру педагогы - тұлғаның талантын, ақыл-ой мен дене қабілеттерін дамытуға, жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал ететін білікті педагог, сонымен қатар балалар орталықтарында, мәдениет сарайларында және т.б. қосымша білім беру курстарын/үйірмелерін жүргізеді. Клубтардың, үйірмелердің, секциялардың, әуесқой бірлестіктердің жұмысын ұйымдастырады, балалармен және жасөспірімдермен пәндік жеке немесе топтық жұмыстарды жүргізеді. 

Мамандық қызықты және қосымша білім беру педагогтарының мұғалімнен айырмашылығы - есеп беру құжаттарын аз дайындайтындығында және сабаққа баға қоймайтындығында. Алайда оларға білім алушылармен практикалық жұмыс жүргізуде үлкен жауапкершілік жүктеледі. Қызмет түрлерінің үнемі өзгеріп отыруы қосымша білім беру педагогының барлық талантын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. 

Олардың міндеттеріне мыналар жатады:

- жұмыс бағыты бойынша сабақты жоспарлау және өткізу;

- сабақ барысында балаларға қарау;

- ата-аналармен жұмыс.

Жұмыстың бірінші жылы оқытатын пәніне байланысты орташа жалақы 100 мың теңге аралығын құрайды.

Жоғары деңгейдегі маман болу үшін минималды тәжірибе - 3 жыл.

Осы саланың маманы командада жұмыс істей білуі керек, өзін-өзі ұйымдастыру және өздіген білім алу қабілетіне ие болуы тиіс, шығармашыл, белсенді болуы керек және балаларды жақсы көруі міндетті.

Жас маман әлеуметтік, жас ерекшелігі, психофизикалық және өзіндік қасиеттерін, оның ішінде білім алушылардың ерекше білім қажеттіліктерін ескере отырып, оқыту, тәрбиелеу және дамыту жұмыстарын жүзеге асыру қабілетінде тәжірибесінің болмауы сияқты қиындықтарға тап болуы мүмкін.

Оқутышының бойында мәдениет пен коммуникативті қабілеттің деңгейі жоғары болуы қажет. Оның міндеті - әр баланың бабын таба отырып, оны мектепке бейімдеу, оқыту процесі мен оның қажеттілігі туралы түсініктің негіздерін беру.

Қалай түсуге болады

Қабылдау емтиханы:
Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін әңгімелесу, оның ішінде педагогикалық жағдайы шешу

~
Орындар саны
0
Қазіргі үміткерлер саны
~
Сенің оқуға түсу мүмкіндігің
Белгісіз

Бейіндік пәндер

Қайда жұмыс істеуге болады

Балалар орталықтары, мәдениет сарайлары

Бізді қалай таба аласыз

+7(7213)411818
tem-prof-teh@krg-edu.kz
г. Темиртау 71 квартал 3 строение
https://tptk.mycollege.kz/